Азиада-2025: Қазақстан құрамасы керлингтен екінші ойында жеңіліс тапты

2025 жылы Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қазақстандық керлингшілер аралас командалар арасындағы екінші ойында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстан атынан Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев өнер көрсетуде.
Отандастарымыз топтық кезеңнің екінші ойынында Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, матчты 0:12 есебімен аяқтады.
Ендігі Қазақстан құрамасы В тобында бесінші орында тұр.