Кирилл Герасименко өнер көрсететін «Вердер» үстел теннисінен Германия чемпионатында көш бастады
Қазақстандық Кирилл Герасименко өнер көрсететін Бременнің «Вердер» клубы үстел теннисінен Германия чемпионатында көш бастап тұр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазір жоғары дивизиондағы 12 команда маусым соңында медальдар үшін сынға түсетін финалдық төрттікке ену үшін бақ сынауда.
Алты турдан кейінгі турнир кестесі төмендегідей:
1 орын — «Вердер» (Бремен): бес жеңіс, бір жеңіліс (5-1)
2 орын — FC TT (Саарбрюккен): 4-2
3 орын — TTC (Швальбе Бергнойштадт): 4-2
4 орын — «Боруссия» (Дюссельдорф): 4-2
5 орын — ТТС (Фульда-Маберцелль): 4-2
6 орын — ASC (Грюнветтерсбах): 3-3
7 орын — TTF (Оксенхаузен): 3-3
8 орын — SV (Мюльхаузен): 3-3
9 орын — «Боруссия» (Дортмунд): 2-4
10 орын — TTC (Гренцау): 2-4
3 қарашада «Вердер» (Бремен) өз алаңында «Гренцау» командасымен кездеседі.