Алтын Шагаева күрестен әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды
Қазақстандық балуан Алтын Шагаева Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалдық бөлігінде бақ сынады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйелдер күресінен 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде Моңғолия өкілі Болортуя Хурэлхуумен кездесті.
Нәтижесінде моңғолиялық балуан 8:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал Алтын Шагаева әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.