logo

Айдос Құрманғалиев: Біздің құрамадағы әр теннисші - нағыз қаһарман

Айдос Құрманғалиев: Біздің құрамадағы әр теннисші - нағыз қаһарман

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Отандастарымыз командалық жарыста үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеңіске елеулі үлес қосқан Алан Құрманғалиев командаластарын нағыз қаһарманға теңеді.

«Көңіл-күй керемет! Жеңіске жеткенде арқамнан ауыр жүк түскендей болды. Командалық жарыста жеңуді қатты қаладық. Өте қуаныштымын, денсаулығым да жақсы.

Кішкене шаршаңқырадым, себебі бүгін бірнеше ойын өткіздік. Таңертең жұптық кездесуде, одан кейін жекелей сында өнер көрсеттім. Финалда да ойнауға тура келді. Ешқандай жарақат жоқ, тек бұлшықеттерім аздап ауырсынып тұр.

Командаға шешуші ұпайды мен сыйладым, бірақ өзімді батыр санамаймын. Себебі біздің құрамадағы әр теннисші — нағыз қаһарман. Әрқайсысы бұл жеңіске өз үлесін қосты.

Тек қуануға уақыт жоқ. Себебі ертең жекелей сайыс басталады», — деді Алан Құрманғалиев.

Айта кетейік, финалда Қазақстан құрамасы Иранды жеңді. Бұл жарыста еліміздің намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжіғұлов қорғады.



Күн шежіресі