Айдос Кенжіғұлов: есепке қарағанда бәрі оңай көрінуі мүмкін, бірақ ойын өте қиын болды
Қазақстан үстел теннисінен Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңімпаз атанды. Отандастарымыз командалық сайыста үздік шықты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Кенжіғұлов ойыннан кейінгі әсерімен бөлісті.
«Шынымды айтсам, әлі толық сене алмай тұрмын. Себебі өте қиын ойын болды. Есепке қарағанда оңай көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде өте күрделі болды.
Әсіресе финалда Иранмен кездестік. Біз әр жыл сайын, әр жарыста осылай ойнаймыз. Сондықтан оны дерби деуге болады.
Шынымды айтсам, спортта бәрі де мүмкін. Алан соңғы сетте ұтылып қалғанда мен шығуға тиіс едім. Бірақ іштей Аланның жеңіске жете алатынына сендім. Нәтижесінде 8:1 есебімен ұттық, өте қуаныштымын», — деді спортшы.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы командалық сайыстың ақтық сынында Иранды 8:1 есебімен тізе бүктірді. Ұлттық құрама сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжіғұлов өнер көрсетті.