Гандбол, муайтай, үстел теннисі. 13 қарашада медальды қай спорт түрлерінен күтеміз?
Ислам ынтымақтастығы ойындары аясында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында 13 қараша күні қазақстандық спортшылар үш спорт түрі бойынша өнер көрсетеді — гандбол, муайтай және үстел теннисі.
Үстел теннисінде жұптық сында және Алан Құрманғалиевтің жарыстан шығып қалуынан кейін үміт ұлттық құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименкоға артылды. Ол Ислам ойындарының жартылай финалына шықты. Жартылай финалда қазақстандық спортшы Алжир өкілі Болоуса Мехдимен кездеседі.
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы жарыс жолын бастайды. Олар топтық кезең аясында Өзбекстан құрамасына қарсы матч өткізеді.
Ал муайтайдан жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді. Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тұрар Дүйсехан алтын үшін таласуға тырысады.