Тректегі пара велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысып жатыр

Тректегі пара велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында өнер көрсетуде, деп хабарлайды Sport+
Біріншілік басталғалы ел спортшылары командалық тандем спринтінде 55.841 секунд уақытымен мәреге үшінші болып келген еді. Малайзия командасы 53.059 уақытын көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанса, Тайланд командасы 54.992 с екунд нәтижесімен екінші орынды еншіледі.
Командалық спринтте Сейтжан Кенжеғұл мен Сұлтанмұрат Мералиев, Жұлдыз Қайнарова мен Полина Братчикова өнер көрсетті.
Айта кетсек, пара велоспорттан тректегі Азия чемпионаты Малайзия елінде 21-27 ақпан аралығында өтіп жатыр. Жарысқа 16 мемлекеттен 250-ден аса спортшы қатысуда. Қазақстан тарапынан 6 спортшы бақ сынап жатыр.