Тыныштық, Кипиш, Марсель, Тагиев, Хақназаров және басқа да жауынгерлер: «Alash Pride» 113 турнирінің тікелей эфирі

Түркістанда «Alash Pride» 113 ірі турнирі өтеді. Басты жекпе-жектерде қазақстандық ММА жұлдыздары Ернар Әлімбеков пен Жәнібек Тыныштық октагонға шығып, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген қарсыластарымен кездеседі.
Сондай-ақ турнирге әлі жеңілмеген Сұлтан Тағиев, лига жұлдызы Мұхамадризвон «Кипиш» Кахоров, поп-ММА жұлдызы Марсель Нұрланбеков және Өзбекстандық медиа файтер Эльмурод Хақназаров қатысады.
Жалпы турнир аясында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей спортшылары қатысатын 14 жекпе-жек өтеді.
Ивент 18:00–де басталады. Турнирді тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube-тегі Sportplus_qaz арнасынан көруге болады.