Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Азиада-2026 ойындарының плей-офф кезеңіне шықты

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Азиада-2026 ойындарының плей-офф кезеңіне шықты

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы командалық турнирдің топтық кезеңіндегі жарысын аяқтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

G тобындағы соңғы кездесуде қазақстандықтар Лаос құрамасымен ойнады. Ойын 3:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Осылайша, ұлттық құрама топтық кезеңде үш жеңіске қол жеткізді. Бұған дейін Қазақстан Бангладешті 3:0, Сингапурды 3:1 есебімен жеңген болатын.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Қазақстандықтардың келесі қарсыласы кейінірек анықталады.



Күн шежіресі