Медведев Мутеге қарсы: ATP 250 Almaty Open финалының тікелей эфирі

Алматыда ATP 250 Almaty Open ірі турнирі аяқталуға жақын, финалдық кездесулер 19 қазанда өтеді.
Жекелей сында шешуші матчқа ресейлік Даниил Медведев (ATP 14) пен француз Корентен Муте (ATP 41) шықты.
Бұл жігіттер тур аясында мансаптарында екі рет кездескен — әзірге есеп 1:1.
2021 жылы Мальоркада жеңісті Медведев иеленсе, 2024 жылы Вашингтонда Муте басым түсті.
Финал сағат 15:00–де басталады. Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.