logo

Негізгі тордың үшінші күні: Almaty Open турнирінің тікелей эфирі

Негізгі тордың үшінші күні: Almaty Open турнирінің тікелей эфирі

Almaty Open турнирі қарқын алуда, үшінші күні кортқа үш қазақстандық теннисші шығады.

Жекелей сында Бейбіт Жұқаев америкалық Алекс Микельсенге қарсы ойнап, сенсация жасауға тырысады. Сондай-ақ Александр Шевченко кортта француз Корентен Мутеге қарсы матч өткізеді.

Кешке қарай Шевченко Тимофей Скатовпен жұптық кездесуге қатысады. Оларға қарсы аргентиналық Гидо Андреосси мен француз Мануэль Гинар ойнайды.

Sport+ телеарнасында келесі матчтар тікелей эфирде көрсетіледі:

11:00 — Ян-Леннард Штруфф (Германия) — Маккензи Макдональд (АҚШ)
12:30 — Габриэль Диалло (Канада) — Джеймс Дакворт (Аустралия)
14:00 — Ринки Хидзиката (Аустралия) — Флавио Коболли (Италия)
15:30 — Якоб Шнайттер (Германия)/Марк Вальнер (Германия) — Ритвик Боллипалли (Үндістан)/Арджун Кадхе (Үндістан)
17:00 — Гидо Андреосси (Аргентина)/Мануэль Гинар (Франция) — Александр Шевченко (Қазақстан)/Тимофей Скатов (Қазақстан)

Тікелей эфир тек телеарнада және sportplustv.kz сайтында да қолжетімді болады.



Күн шежіресі