«Ордабасы» ‑ «Окжетпес» матчының тікелей эфирі

«Ордабасы» мен «Оқжетпес» арасындағы матч турнир кестесі тұрғысынан аса маңызды болмағанымен, бұл кездесуде бедел үшін күрес жүрмек.
Бұл тек клубтар үшін ғана емес, бас бапкерлер — Андрей Мартин мен Қайрат Нұрдәулетов үшін де маңызды ойын болмақ.
Екі команда да бұл кездесуге жеңілістер сериясымен келіп отыр. Шымкенттік ұжым чемпионатта «Тобыл» мен «Елімайдан» ұтылып, кейін Қазақстан кубогының финалында тағы да «Тобылдан» жеңілді.
Ал «Окжетпес» соңғы ойындарында «Ақтөбе», «Қайрат», «Қызылжар» және «Астанаға» есе жіберді.
Бірінші айналымда Көкшетауда өткен ойында «Ордабасы» қарсыласын 1:0 есебімен жеңген болатын. Жаңа кездесу 19 қазанда, сағат 18:00–де өтеді.
Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube-тегі sportplus_qaz арнасынан көруге болады.