logo

Стенд атудан Катар Гран-приінен қола медаль

Стенд атудан Катар Гран-приінен қола медаль

Стенд атудан Қазақстан спортшылары Дохадағы Катар Гран-приінде трап жаттығуы бойынша үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті хабарлады. Жасөспірімдер арасында Элеонора Ибрагимова мен Никита Моисеев алтын медальды жеңіп алды. Ал Ревекка Сигитова мен Егор Царев күміс медальға қол жеткізді. Наргиза Сарманова қола медаль жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біздің спортшылар скит жаттығуында жасөспірімдер арасында алтын, әйелдер арасында қола жеңіп алды. Нәтижесі - 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль.