Қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Котбус қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Еркін жаттығу бойынша финалда қазақстандық гимнаст 14.133 ұпай жинады.
Екінші орынды жапондық Кацуки Минами (13.666) иеленсе, үшінші орын италиялық Никколо Ваннуччиге (13.533) бұйырды.