Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
10 мамырда Гандинагар қаласында (Үндістан) ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған байрақты бәсекеде ел намысын төрт спортшы қорғайды.
79 келі: Петр Хребтов
88 келі: Әлібек Рахымберды, Александр Уваров
110 келі: Сұлтан Мейрам
Айта кетейік, құрлық біріншілігі 17 мамырға дейін жалғасады.