Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатында елімізге сыйлаған тарихи жеңісі жайлы айтып берді

2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатындағы Илья Ильин мен Жасұлан Қыдырбаевтың жеңісін араға он жыл салып, Нұрғиса Әділетұлы мен Артем Антропов қайталады. Ауыр атлетикадағы бұл тарихи сәйкестік туралы Нұрғиса Sport+ арнасына берген сұхбатында баяндап берді.
— Расымен де, бұл біз үшін үлкен таңданыс болды. Артем екеуіміз бірге тұрамыз, бірге жаттығамыз. Өзім әрдайым: «Егер алтын алатын болсам, Жасұлан ағамның жетістігін қайталаймын», — деп айтып жүретінмін. Жарыс кезінде бірінші болып мен шықтым да, алтынмен бөлмеге оралдым. Сол кезде Артем мен үшін шын қуанып, қолдау көрсетті. «Мен де жеңсем, нағыз тарих болайын деп тұр», — деп айтып кетті. Кейін өзі де жарыс жолына шығып, жеңімпаз атанды. Сол сәтте екеуіміз де аңыз ағаларымыздың жолын жалғап, тарихи нәтижені қайталағанымызды түсіндік. Бұл біз үшін ерекше қуаныш болды.
Толық сұхбатты төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.