Кира Данилова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

Кира Данилова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

Астанада жасөспірімдер мен жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сілтеме жасап.

Турнир аясында 69 келіге дейінгі салмақта жасөспірім қыздар арасында сайыс өтті. Онда Қазақстан құрамасы екі бірдей медальға ие болды.

Қоссайыс нәтижесі бойынша 198 (87+111) келіні бағындырған Кира Данилова алтын медаль жеңіп алды. Софья Шальгина 175 (82+93) келі көтеріп, үшінші орынға табан тіреді.

Екінші орын өзбекстандық Динура Холдороваға бұйырды — оның көрсеткіші 186 (81+105) келі болды.



Күн шежіресі