Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді
12-17 мамыр аралығында Алматы қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан кубогы өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 800-ден астам балуан жүлдеге таласады.
Айта кету керек, бұл турнирге халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшылар да қатысады. Бәсекенің негізгі мақсаты — алда өтетін ірі халықаралық додаларға ұлттық құраманы жасақтау.
Алғашқы медальдар грек-рим күресінде сарапқа салынады. Одан кейін жарыс жолына әйелдер шығады. Турнирді еркін күрес балуандары аяқтайды.