Виталий Бигдаш Асылжан Бақытжанұлымен реванш өткізуді ұсынды

Виталий Бигдаш Асылжан Бақытжанұлымен реванш өткізуді ұсынды

Ресейлік ММА спортшысы, ONE FC ұйымының бұрынғы чемпионы Виталий Бигдаш қазақстандық Асылжан Бақытжанұлымен қайта жекпе-жек өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Sport+. 

Бигдаш алғашқы кездесуден кейін желтоқсан айында Мәскеуде өтетін АСА лигасының турнирі аясында реванш ұйымдастыру туралы ұсыныс жасағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жекпе-жек лига басшылығының келісімі болған жағдайда өтеді.

«Асылжан Бақытжанұлымен өткен жекпе-жектен кейін тек менің ғана емес, әлеуметтік желілердегі пікірлерге қарағанда, көптеген адамның көкейінде сұрақтар қалды. Сондықтан мен Асылжанға желтоқсан айында Мәскеуде реванш өткізу туралы ұсыныс жасадым. Менің ойымша, бұл жекпе-жек алғашқы кездесуден де қызықтырақ болады. Енді лига басшылығының жауабын күтіп отырмын», — деді ресейлік спортшы.

Еске сала кетейік, Бигдаш пен Бақытжанұлы арасындағы алғашқы жекпе-жекте қазақстандық спортшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.



Күн шежіресі