Қаршыға Дәуітбек RIZIN FF турнирінде қарсыласын нокаутқа түсірді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қаршыға Дәуітбек (19-3) Жапонияның Хиросима қаласында өткен RIZIN FF турнирінде жергілікті файтер Кехэй Хагиварамен (9-12) жұдырықтасты, деп хабарлайды Sport+.
Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Қаршыға қарсыласын нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық спортшы кәсіби мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді.