NAIZA Қытайдағы турнир кардындағы тағы үш жекпе-жекті жариялады

NAIZA Қытайдағы турнир кардындағы тағы үш жекпе-жекті жариялады

8 тамыз күні Бейжіңде NAIZA лигасының ауқымды турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Кеш аясында үш чемпиондық белбеу сарапқа салынып, жанкүйерлер Фаниль Рафиковтың октагонға оралуына куә болады.

Сонымен қатар, турнир кардында өз салмақ дәрежесінің үздік үштігіне кіретін Асқар Жақсылықовтың (7-2) жекпе-жегі де бар. Оның қарсыласы — тәжірибелі қытайлық файтер Сяосюн «Кішкентай Арыстан» Цай (16-9). Ол бұған дейін Азиядағы жетекші ұйымдардың бірі — One FC лигасында өнер көрсеткен.

К-1 ережесі бойынша Алтынбек Мағаз жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы — Сяофэй Цю.

Ал жас спортшы Елдар Отаралы кәсіпқой мансабында екі жекпе-жек өткізген қытайлық Чуаньюй Жумен күш сынасады.



Күн шежіресі