2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

2026 жылғы Қазақстан Кубогының барлық қатысушылары анықталды

2026 жылғы Қазақстан Кубогының барлық қатысушылары анықталды

2026 жылғы маусымдағы футболдан Қазақстан Кубогының қатысушыларының толық тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport+.

Турнир 1/16 финал кезеңінен басталады. Бұл сатыда Қазақстан Премьер-лигасы, Бірінші және Екінші лигалар, сондай-ақ Әуесқойлар лигасының клубтары бақ сынайды.

Ел Кубогының биылғы жарысына барлығы 32 команда қатысады.

Қазақстан Кубогының қатысушылары:

Премьер-лига клубтары: «Қайрат», «Астана», «Тобыл», «Елімай», «Ақтөбе», «Жеңіс», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Қызылжар», «Қайсар», «Ұлытау», «Жетісу», «Атырау», «Каспий», «Ертіс», «Алтай».

Бірінші лига клубтары: «Шахтер», «Тұран», «Оңтүстік Академия», «Тараз», «Жайық», «Хан-Тәңірі», «Екібастұз», «Арыс».

Екінші лига және Әуесқойлар лигасының өкілдері: «SD Family», «Жас Қыран», «Талас», «Ансат», «Қаршыға», «Хромтау», Әуесқойлар лигасының BKS командасы және «Zhelayev Nan».

1/16 финал кезеңінің жеребесі 27 ақпанда өтеді. Турнир жеңімпазы 2027/28 жылғы маусымда Қазақстан атынан еурокубоктерге қатысу мүмкіндігіне ие болады.



Күн шежіресі