logo

Виталий Жуковский «Атыраудан» кеткенін мәлімдеді

Виталий Жуковский «Атыраудан» кеткенін мәлімдеді

41 жастағы беларусьтік маман Виталий Жуковский «Атырау» клубының бас бапкері қызметінен кеткенін растады, деп хабарлайды Sport+.

«Біз „Атыраудың“ жаңа басшылығымен келісімшартты бұзу туралы келісімге келдік. Қазір команда Түркістанға ұшып кетті. Менің билеттерімді ауыстырып берді, енді Минскіге ұшып барамын. Келісімшартты бұзу жөніндегі құжаттарды минут сайын күтіп отырмын. Әзірге осы», — деді Жуковский.

Беларусьтік бапкермен бірге «Атыраудан» оның көмекшілері де кетеді: беларусьтік мамандар Андрей Мисюк, Павел Плют, Сергей Туранок, сондай-ақ қазақстандықтар Ренат Абдуллин мен Біржан Хабит.



Күн шежіресі