Қазақстан әйелдер құрамасына шақырту алған футболшылар белгілі болды
Биыл футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2027 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Қарсыласымыз — Армения мен Беларусь құрамалары. Ойындар наурыз, сәуір және маусым айларында өтеді.
Ұлттық құраманың тізгінін отандық маман Бегайым Қырғызбаева ұстады. Ол өзі бастаған алғашқы оқу-жаттығу жиынына 27 ойыншыны шақырды.
Қақпашылар: Ангелина Портнова («Астерас Триполис», Грекия), Назым Исмайлова («БИІК-Шымкент»), Виктория Зейнали («Елімай»).
Қорғаушылар: Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева (екеуі де — «БИІК-Шымкент»), Анастасия Власова («Ақтөбе»), Қазына Нұрбаева («Гурник Ленчна», Польша), Томирис Рахатжан («Қайрат»), Александра Набокова («Шахтер»), Кристина Шустова («Елімай»), Аделия Бекқожина («Жеңіс»), Анель Бланк («Қызыл-Жар»), Анеля Сұңқарова («Астана»), Анеля Берікова («Будучность», Черногория).
Жартылай қорғаушылар: Ксенья Хайрулина, Эльмира Абдулаева (екеуі де — «Қайрат»), Карина Жұмабайқызы («Ақтөбе»), Адина Бейбут («Астана»), Анастасия Низамутдинова («Енисей», Ресей).
Шабуылшылар: Аида Гайстенова, Әселхан Тұрлыбекова, Екатерина Бабшук (бәрі — «Ақтөбе»), Назым Алданазар, Полина Тучина (екеуі де — «Қайрат»), Анеля Мамырова, Фатима Сатығалиева (екеуі де — «Елімай»), Амина Бибосынова («Турбине Потсдам», Германия).
Наурыздың 3 және 7-сі күндері «Астана Аренада» Армения және Беларусь құрамаларымен ойнаймыз.
Бапкерлер штабы: Бегайым Қырғызбаева — бас бапкер, Юлия Ширяева — бас бапкердің көмекшісі, Жеңіс Арыстан — дене даярлығы жаттықтырушы, Дмитрий Колбунцов — қақпашылардың жаттықтырушысы, Расул Маруа — сарапшы бапкер, Мақсат Әмірбай — бейнеоператор, Азамат Оспанов — дәрігер, Максим Дудукин — массажист, Гүлнара Закирова — массажист, Жанболат Тыныбек — әкімші, Серік Жугралин — менеджер.