ҚФФ екі төрешіні қызметінен шеттетті
Қазақстан футбол федерациясы Бірінші лиганың 2026 жылғы маусымындағы 4-тур аясында өткен «Академия Оңтүстік» пен «Тараз» командалары арасындағы кездесуді сараптау қорытындысы бойынша шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төрешілердің жұмысын бағалау нәтижесінде бас төреші Николай Дышкант пен оның көмекшісі Дмитрий Дышканттың іс-әрекеттеріне берілген бағаны төмендету туралы шешім қабылданды. Екі төреші де белгісіз мерзімге ҚФФ аясындағы матчтарға төрелік етуден шеттетілді.