logo

Тректегі велоспорттан Қазақстан командасы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Тректегі велоспорттан Қазақстан командасы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Тректегі велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы Малайзияның Нилай қаласында өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Дмитрий Носков және Әлішер Жұмақан командалық жарыста үшінші орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз 03:59.215 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесті.

Алтын медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды, ал Жапония күміс жүлдегер атанды.