Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионына қайта оралды

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионына қайта оралды

Хоккейден Әлем чемпионатының IA дивизионындағы төртінші матчта Украина ұлттық құрама командасымен кездесті, деп хабарлайды Sport+.

Есепті Всеволод Логвин ашты, алайда қарсылас екінші кезеңнің басында жауап қайтарды. Кирилл Ляпунов пен Роман Старченко соққан шайбалар Қазақстанды алға шығарды. Бірақ үшінші кезеңнің ортасына қарай украиналықтар 4:3 есебімен алға шықты. Есепті Батырлан Мұратов теңестірді. Буллиттер сериясында да жеңісті Қазақстан құрамасына Батырлан Мұратов алып келді.

Украина — Қазақстан — 4:5 (0:1, 3:2, 1:1, 0:0, 0:1)

0:1 — 12:37 — Всеволод Логвин
1:1 — 20:11 — Денис Денискин (Виктор Мережко)
1:2 — 30:33 — Кирилл Ляпунов (Всеволод Логвин, Симон Симонов)
1:3 — 32:30 — Роман Старченко
2:3 — 33:55 — Виктор Мережко (Пересунько, Трахт)
3:3 — 39:42 — Пересунько (Ратушный, Косарев)
4:3 — 50:58 — Фадеев (Хребенюк, Трахт)
4:4 — 51:45 — Батырлан Мұратов (Данияр, Шестаков)
4:5 — 65:00 — Батырлан Мұратов (буллит)

Қақпашылар: Никита Бояркин — Дьяченко

Осылайша, 11 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын әлем чемпионатының «алтынын» жеңіп алып, элиталық дивизионға жолдама алды. 



Күн шежіресі