logo

Ансар Шайхмедденовтің сенімді дебюті: Қазақстан Литваны жеңді

Ансар Шайхмедденовтің сенімді дебюті: Қазақстан Литваны жеңді

Қазақстан құрамасының дебютанты, Әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан Ансар Шайхмедденов «От синей линии» бағдарламасына берген сұхбатында Литваға қарсы алғашқы ойыны туралы әсерімен бөлісті:

«Аздап қобалжу болды, оның үстіне маусым соңында жарақат алған едім. Бірақ алғашқы ауысымдарда өз жұмысымды орындауға тырыстым. Литвамен ойынның неге қиын болғанын нақты айта алмаймын, біз негізінен қарсылас аймағында ойнадық, алғашқы азшылықта шайба жіберіп алдық. Одан кейін ойын біздің бақылауымызға өтті, бір-бірімізге сендік, шайбаны соғатынымызды білдік, әрі қарай бәрі өз ретімен кетті».

Қазақстан Литва құрамасын 4:1 есебімен жеңді.