Астанада дзюдодан Grand Slam турнирі басталды
Бүгін, 8 мамырда Астанада дзюдодан Grand Slam ірі халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында 60 және 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынады.
Ал әйелдер бәсекесінде 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақтарда жеңімпаздар анықталады. Қазақстан құрамасының тізімімен мына жерден танысуға болады.
Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Көрермен үшін кіру тегін.
Финалдық кезеңнің басталуы — 17:00.