logo

Тәжікстандағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды

Тәжікстандағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Душанбеде (Тәжікстан) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын балуандардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

1-3 мамыр аралығында өтетін байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 12 ер балуан қорғайды. 

60 келіге дейін: Нұраділ Әлжан, Тоқтар Үміталиев

66 келіге дейін: Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ердәулет Бозша

73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Мәди Жеткерген

81 келіге дейін: Асқар Нарқұлов, Азат Күмісбай

90 келіге дейін: Даниил Крылов, Нұржан Бейсенов

100 келіге дейін: Бейбіт Мадеев, Мавлидов Мухаммедали

Айта кетейік, тізімге өзгеріс енгізілуі мүмкін.



Күн шежіресі