Төрт қазақстандық дзюдошы Азия чемпионатының қола медалі үшін күреседі
Қазақстан құрамасының төрт дзюдошысы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қола жүлде үшін Айдар Арапов (90 келіге дейін), Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін), Аруна Жангельдина (78 келіге дейін) және Аида Тойшыбекова (78 келіден жоғары) күреседі.
Шархан жартылай финалға дейін жеткенімен, БАӘ өкілі Джафар Костоевқа есе жіберді.
Қалған дзюдошылар жұбаныш белдесулерінде сәтті өнер көрсетті. Арапов Тайбэй спортшысы Пэн-Юй Ченді жеңсе, Жангельдина Шу Хуэй Ванды ұтты. Ал Тойшыбекова тәжікстандық Виктория Киселеваны жеңді.
Марат Байқамұров (100 келіге дейін) жарысты жетінші орынмен аяқтады. Ол жұбаныш кезеңінде қытайлық Фучунь Хуанға жол берді.