Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден қола жүлдегер атанды

Кувейтте семсерлесуден жасөспірімдер және кадеттер арасында Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден командалық жарыста үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Аталмыш жарысқа Қазақстан атынан Қайым Айбар, Нариман Ілияс, Ерхан Қараман, Шерім Қанағат өнер көрсетуде.
Жарыс барысында қазақстандықтар Үндістан құрамасын 45:33, Сингапур командасын 45:34 есебімен жеңді. Алайда, жартылай финалда Өзбекстанға 31:45 есебімен жол берді. Осылайша отандастарымыз кадеттер арасында қола медальға ие болды.