Қазақстан спортшылары батуттағы гимнастикадан халықаралық турнирде нәтиже тіркеді

Батуттағы гимнастикадан Қазақстан құрамасы жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz cайтына сілтеме жасай отырып.
Біздің спортшылар Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде екінші орынға ие болды.
Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков синхронды секіруде күміс медаль еншіледі.
Отандастарымыз бұл турнирде тек Жапонияға жол берді. Үздік үштікті Мексика құрамасы қорытындылады.