logo

Қазақстандық сұрмергендер Азия кубогы кезеңінде үш медаль иеленді

Қазақстандық сұрмергендер Азия кубогы кезеңінде үш медаль иеленді

Садақ атудан Қазақстан құрамасының спортшылары Бангкокта (Таиланд) өткен Азия кубогы кезеңінде үш медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Біздің мергендер үш рет күміс жүлдеге ие болып, жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Барлық үш медальді блокты садақ ату жарысында жеңіп алды.

Жекелей сында Роксана Юнусова екінші орынға ие болды.

Әйелдер командалық сайысында Виктория Лян, Роксана Юнусова және Аружан Жексенбинова күміс жүлдегер атанды.

Андрей Тютюн мен Виктория Лян аралас жұпта екінші нәтижені көрсетті.