Саламат Исбулаев PFL-де дебют жасады
Alash Pride лигасының экс-чемпионы Саламат Исбулаев PFL лигасында жарқын дебют жасады, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандықтың қарсыласы перулік Хесус Пинедо болды. Саламат бірінші раундтың соңында қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.
Осылайша, қазіргі таңда Исбулаевтың рекорды — 10-0, оның барлық 10 жекпе-жегі де мерзімінен бұрын аяқталған.