logo

Екі титулдық жекпе-жек, NAIZA-ның екі бұрынғы чемпионы және Артём Резников. АСА 200 турнирінің тікелей эфирі

Екі титулдық жекпе-жек, NAIZA-ның екі бұрынғы чемпионы және Артём Резников. АСА 200 турнирінің тікелей эфирі

6 ақпанда Мәскеуде АСА 200 атты ірі мерейтойлық турнир өтеді. Турнир аясында Қазақстанның жеңіл салмақтағы ең медиялық әрі жарқын файтерлерінің бірі Артём Резников жекпе-жек өткізеді.

Артём Резниковтің Юсуп-Хаджи Зубариевке қарсы айқасы прилимдерді жабады. Сондай-ақ прилимдерде қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы Руслан Шамилов өнер көрсетеді.

Қазақстандық лиганың тағы бір экс-чемпионы Сайфуллах Джабраилов негізгі кардта жекпе-жекке шығады.

Кардта сондай-ақ екі чемпиондық айқас бар. Орта салмақта чемпиондық белбеу үшін Магомедрасул Гасанов пен Альберт Туменов жұдырықтасады, ал ең жеңіл салмақта Азамат Пшуков пен Анатолий Кондратьев кездеседі.

Толық кард төмендегідей:

Екі титулдық жекпе-жек, NAIZA-ның екі бұрынғы чемпионы және Артём Резников. АСА 200 турнирінің тікелей эфирі

Екі титулдық жекпе-жек, NAIZA-ның екі бұрынғы чемпионы және Артём Резников. АСА 200 турнирін қайда және қай уақытта көруге болады?

Прилимдердің басталуы — 17:15. Негізгі кард 22:00–де басталады.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі