logo

Бос белбеу үшін жекпе-жек, Жұман Жұмабековтың оралуы. NAIZA 80 турнирінің тікелей эфирі

Бос белбеу үшін жекпе-жек, Жұман Жұмабековтың оралуы. NAIZA 80 турнирінің тікелей эфирі

31 қаңтар күні Алматыда NAIZA 80 ірі ММА турнирі өтеді. Жарыстың басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы бос чемпиондық белбеу сарапқа салынады.

Титул үшін DAR Team өкілі Али Бадрудинов пен Өзбекстаннан келген Мураджан Юсупов өзара күш сынасады.

Сондай-ақ NAIZA лигасында қазақстандық ММА аңызы Жұман Жұмабеков кезекті жекпе-жегін өткізеді. Ол октагонда тәжірибелі бразилиялық файтер Ридчи Диасқа қарсы шығады.

Бұдан бөлек, торға «ақтөбелік гангстер» Санжар Тәжиев, жеңіліс көрмеген Ғазиз Аманжолов, Әсет Анарбаев және өзге де спортшылар шығады.

Турнирдің басталуы — 17:00.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында, сондай-ақ YouTube-тағы sportplus_qaz арнасында қолжетімді болады.



Күн шежіресі