Жалғас Жұмағұлов: Мен UFC-ге қайта оралуға дайынмын
Қазақстандық ММА жауынгері, OKTAGON лигасының чемпионы Жалғас Жұмағұлов әлеуметтік желіде UFC матчмейкері Мик Мэйнардқа үндеу жасады, деп хабарлайды Sport+ спортшының әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.
«UFC-дегі келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жек 2023 жылы өтті. Қазіргі лига чемпионымен айқас төрешілердің бөлінген шешімімен аяқталды. Қазір мен — чемпионмын, титулымды қорғадым, қатарынан бес жеңіске жетіп келемін. Қайта оралуға дайынмын».