logo

Қуат Хамитов Грузияда жекпе-жек өткізеді

Қуат Хамитов Грузияда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін грузиялық GFC лигасында өткізеді, деп хабарлайды Sport+.

«Найманның» қарсыласы бразилиялық Алан Сильва болады. Алан негізінен Бразилия лигаларында өнер көрсеткен, алайда оның еншісінде Қазақстанда өткен жекпе-жектер де бар.

OCTAGON лигасында ол Бауыржан Қуанышбаевқа төрешілер шешімімен, ал Мұрад Абдурахмановқа нокаутпен жеңілген.