Бағдос Олжабай АСА лигасында жекпе-жек өткізеді: АСА 199 турнирінің тікелей эфирі
16 қаңтарда Краснодар қаласында АСА 199 үлкен турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Артем Фролов пен UFC-дің бұрынғы файтері Рамазан Эмеев октагонға шығады.
Сондай-ақ негізгі кардта қазақстандық Бағдос Олжабай өнер көрсетеді. Оның қарсыласы — армян файтері Жора Айвазян.
Бағдос АСА лигасында қатарынан екі жеңіске жеткен сериямен келе жатыр.
Турнир сағат 19:00–де басталады. Негізгі кард шамамен 23:00–де бастау алады.
Жекпе-жектердің тікелей трансляциясы Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.