logo

Бағдос Олжабай Айвазянмен жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті

Бағдос Олжабай Айвазянмен жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті

Бүгін Краснодар қаласында АСА 199 турнирі алдындағы спортшылардың ресми салмақ өлшеуі өтті, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандық жауынгер Бағдос Олжабай таразыда 66,8 келі, ал оның қарсыласы Жора Айвазян 66,75 келі көрсетті.

Екі спортшы да салмақ дәрежесінің талаптарына сай келді. Олардың жекпе-жегі турнирдің негізгі кардында алғашқы болып өтеді.

АСА 199 турнирі 16 қаңтарда өтеді. Ивенттің тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасы көрсетеді.



Күн шежіресі