Шымкенттегі ең мықтылардың жекпе-жектері: Alash Pride 117 тікелей эфирі
15 қаңтар күні Шымкентте Alash Pride лигасының екі турнирі өтеді.
Сағат 13:00–де негізінен жас спортшылар қатысатын Alash Pride 116 турнирі басталады. Дегенмен бұл жарыста да көрерменге қызық болатын жекпе-жектер бар. Атап айтқанда, NAIZA және Alash Pride лигаларында чемпиондық белдікке үміткер болған Сұлтанбек Орозмамат уулу, панкратионнан әлем чемпионы Максим Павлов және басқа да спортшылар октагонға шығады.
Бұл турнирді sportplustv.kz сайтынан, сондай-ақ YouTube-тағы sportplus_qaz арнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Ал сағат 18:00–де Alash Pride 117 турнирі басталады. Кештің басты жекпе-жегінде ММА-дан әлем чемпионы, лиганың уақытша чемпиондық белдігінің иегері Бекзат Жасия өнер көрсетеді.
Турнирдің толық файткарды төмендегідей:

Шымкенттегі ең мықтылардың жекпе-жектері. Alash Pride 117-ні қайда және қашан көруге болады?
Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube-тағы sportplus_qaz арнасында қолжетімді болады.