Ахметов пен Бақытжанұлы жұдырықтасатын АСА 198 турнирінің қорытынды карды жарияланды
9 қаңтар күні Грозный қаласында АСА лигасының 2026 жылғы алғашқы турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Өкінішке қарай, күтпеген жағдайларсыз болған жоқ — салмақ өлшеуден өте алмағандықтан бірқатар жекпе-жектер өткізілмейтін болды.
Ивенттің басталуы — 19:35. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көрсетіледі.