logo

Асу Алмабаев Брендон Мореномен өтетін жекпе-жектен бас тартты

Асу Алмабаев Брендон Мореномен өтетін жекпе-жектен бас тартты

Америкалық инсайдер Krazy Kevin және бірқатар өзге дереккөздер қазақстандық жеңіл салмақтағы файтер Асу Алмабаевтың (23-3) мексикалық Брэндон Мореномен (23-9-2) өтетін жекпе-жектен шығып қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.

Алмабаев пен Морено 1 наурыз күні Мехикода (Мексика) өтетін UFC Fight Night 268 турнирінің басты жекпе-жегінде кездесуі тиіс еді. Алайда бүгін Асуның бұл айқасқа қатыса алмайтыны белгілі болды. Бұған алған жарақаты себеп болған.

«Жағдай былай болды: ұшардан екі күн бұрын қолымнан жарақат алдым. Мұндай жарақатты алдын ала болжау мүмкін емес. Мен ешқашан жекпе-жектерден бас тартқан емеспін — кімге қарсы шықсам да, қандай жағдайда болсын, әрдайым дайын болдым. Дайындық жақсы деңгейде өтті. Бірақ болған жағдай — болды, қанша тырыссаң да, оны өзгерту мүмкін емес.

Осы келісімшарт бойынша мені әлі бес жекпе-жек күтіп тұр, келісім ұзартылды. Алда әлі талай қызықты айқастар бар», — деп жазды Алмабаев Instagram парақшасында.

Қазіргі таңда Асу Алмабаев UFC жеңіл салмақтағы рейтингінде жетінші орында тұр. Екі дүркін экс-чемпион Брэндон Мореноны жеңу оны чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке бір табан жақындатуы мүмкін деп күтілген еді.



Күн шежіресі