Шавкат Рахмонов кезекті рет жарақат алды
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов тағы да ауыр жарақатқа тап болды — оның тізе жарақаты қайталанып, тағы бір ота жасалды, деп хабарлайды Sport+.
Менеджері хабарлағандай, қалпына келу кезеңі шамамен 9–10 айға созылады, сондықтан Рахмонов 2026 жылдың көп бөлігінде октагонға шықпай қалуы мүмкін.
Рахмонов соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында UFC 310 турнирінде Иан Гарриді жеңген болатын. Ол титулдық жекпе-жекке дайындалып жатқан, бірақ жарақат пен кейінгі емдеу жоспарларын өзгертіп жіберді.
Жақында Қазақстандағы NAIZA FC 80 турнирінде Рахмоновты таяқпен және тізе қалпақшасымен жүргенін көрген көрермендер оның тізесінің жағдайына алаңдаушылық білдірді.