Жеңілмеген Али Бадрудинов NAIZA тарихына чемпион ретінде енді (видео)
Алматы қаласында мерейтойлық NAIZA 80 турнирі өтті, деп хабарлайды Sport+.
Турнирдің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақта лига чемпионының белбеуі үшін жеңілмеген Али Бадрудинов пен бұл кездесуге қысқа мерзімде келісім берген Өзбекстан өкілі Муратжан Юсупов күш сынасты.
Жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, Алидің жеңісімен аяқталды. Осылайша ол NAIZA лигасының жаңа чемпионы атанды.