Дастан Амангелді OKTAGON лигасында дебют жасады
Қазақстандық файтер Дастан Амангелді еурапалық OKTAGON лигасындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport+.
Оның қарсыласы бразилиялық Вандерлей Левандовски болды.
Жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.