Қазақстан таеквондодан Ресейде өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы таеквондодан Ресейдің Одинцово қаласында өткен халықаралық турнирде үш медаль еншіледі, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
68 келіден жоғары салмақта Любовь Юн күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ осы салмақта Нұрила Жарас қола жүлдеге ие болды.
Ал 68 келіге дейінгі салмақта Балгерім Өтеген Қазақстан құрамасының қоржынына екінші қола жүлдені салды.