Қазақстан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды

Қазақстан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Спортшылар аралас жұптар арасындағы еркін бағдарламада күміс медаль жеңіп алды.

Исламова мен Рамазанов өз өнерлері үшін 248.1058 ұпай жинады.

Алтын жүлдені Испания жұбы 263.2992 ұпаймен жеңіп алды. Ал Жапония 246.9850 ұпаймен үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Виктор Друзин әлем чемпионатында техникалық бағдарламада үшінші орын алған еді.



Күн шежіресі