Қазақстан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында оныншы орын алды

Қазақстан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында оныншы орын алды

Қазіргі таңда Будапештте (Венгрия) әртістік жүзуден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлем біріншілігі аясында Қазақстан құрамасы техникалақ бағдарламаның жұптық сынында сынға түсті. Нәтижесінде Даяна Джаманчалова және Мақпал Қалмұрза 265.1108 ұпаймен оныншы сатыға тұрақтады.

Ресей құрамасы жеңімпаз атанды — 300.1509 ұпай. Екінші орынды Қытай құрамасы иеленді — 289.7367 ұпай. Ал Испания 289.3125 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бүгін, 14 тамызда отандастарымыз жұптық және аралас жұптық сайыста (еркін бағдарлама), сондай-ақ командалық бәсекеде (еркін бағдарлама) сынға түседі.



Күн шежіресі